Ұлытаулық ұстаз оқушыларымен бірге «Багги» көлігін құрастырды

22.06.2023, 16:02
574
Ұлытаулық ұстаз оқушыларымен бірге «Багги» көлігін құрастырды oqu_agartu_ministrligi

Ұлытау ауданы оқушылар үйінің «Бастапқы техникалық модельдеу» үйірмесінің жетекшісі Қазбек Мұқанов оқушыларымен бірге «Багги» деп аталатын спорттық автокөлік құрастырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сағатына 50-60 шақырым жылдамдықпен жүретін жер талғамайтын «Багги» әр техника құралдарынан жиналған. Бұрылыс механизмі ВАЗ-2109 машинасынан, дөңгелектері квадрацикл, маторы мотоциклден алынған. Дыбыс сингалы, фарлары бар көлік туристтерге таптырмайтын қозғалыс құралы. Үйірме жетекшісінің айтуынша, «Багги» Ұлытау тауларын аралауға ыңғайлы, жанармайды да көп қажет ептейді.

«Бұған дейін оқушылар шағын модельдермен айналысып, машина, ұшақ жасап жүрді. Былтырғы оқу жылында веломобиль жасап, оқушылармен бірге маторлы машина құрастыруды ойға алған болатынбыз. Дәнекерлеу жұмыстарын өзім жасадым, оқушыларым Темірлан Серік, Шерхан Қуаныш және Ерсұлтан Боранбай детальдарын құрастырып, бояуға көмектесті», - дейді үйірме жетекшісі Қазбек Мұқанов.

Ұстаз бен оқушылар «Багги» спорттық көлігін 2 айда құрастырып шыққан. Ықшам әрі ыңғайлы техника көптің қызығушылығын тудырып, «Бастапқы техникалық модельдеу» үйірмесіне жазылуға ниетті ер балалар қатары артқан. Ұлытаулық ұстаз шәкірттерін техникаға баулып қана қоймай, осы істі дамытып өңір туризміне де үлес қосуды жоспарлап отыр.

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)