2GIS навигациясы енді қазақша сөйлейді
Танымал карталық навигация көрсетуші 2GIS платформасы енді қазақша сөйлейді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Биылғы сәуір айында 2GIS Kazakhstan мекенжайды қазақша іздеу жүйесін енгізген болатын. Қосымшаның интерфейсі, ұйымдар мен мекемелердің атауы, баптаулары, жалпы функциялары қазақ тіліне аударылған болатын. Енді қосымшадағы дауыстық навигация жолды қазақ тілінде бағдарлап отырады. «Ерлан» мен «Бибігүл» атты екі дауыстық навигатор іске қосылған.
Навигаторды қазақ тіліне ауыстыру үшін қосымшадағы "Баптаулар" - "Навигатор" - "Дауыспен сүйемелдеу". Бұдан кейін не "Ерланның", не "Бибігүлдің" дауысын таңдайсыз.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші