Апелляция соты Болат Назарбаев ісіне шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

22.06.2023, 17:21
629
Апелляция соты Болат Назарбаев ісіне шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды kaz.orda.kz

Болат Назарбаев Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 17 сәуірдегі шешіміне апелляциялық шағым түсірді. Сот шешімінде аумағы 37,6 гектар жер телімін сатып алу-сату шарты («Барыс» автобазары) жарамсыз деп танылған еді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты облыстық соттың сайтына сілтеме жасап.

Кеше азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы жауапкердің Қарасай аудандық сотының 17 сәуірдегі шешіміне берген апелляциялық шағымы бойынша азаматтық ісін қарады.

«Қарасай ауданының прокуратурасы мемлекеттік мекемелер мен Н. есімді азаматқа қатысты талап-арызбен сотқа жүгінді. Бұл ретте жер телімдерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану, жер учаскелеріне меншік құқығы туралы мемлекеттік актілерді жарамсыз деп тану және жер учаскелеріне меншік құқығын мемлекеттік тіркеудің күшін жою талабы қойылған еді. Сот барысында аталған адамға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты учаскелері берілген кезде, облыстық аумақтық орган мен жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі болмағаны анықталды», - делінген облыстық сот мәліметінде.

Суармалы егістік жерлерді суарылмайтын жер түріне ауыстыру туралы түпкілікті шешім қабылдау облыстық атқарушы органның құзыретіне жатады.

Сондықтан аудан әкімінің 2014 жылы жер учаскелеріне қатысты уақытша пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы қаулысы аудан әкіміне белгіленген құзыретті бұза отырып шығарылған.

«Қарасай аудандық сотының 17 сәуірдегі үкімімен прокурордың аталған шарттарды жарамсыз деп тану және жер учаскелері бойынша меншік құқығын мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Бұл тұрғыда сот шешімімен келіспеген жауапкер апелляциялық шағым түсірді. Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін заңды деп танып, қаулыны өзгеріссіз қалдырды», - деп аталып өткен Алматы облыстық сотының мәліметінде.

Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО)