Биыл 328 адамға шетелде тегін оқуға грант берілді

22.06.2023, 18:35
715
Биыл 328 адамға шетелде тегін оқуға грант берілді akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Комиссия шешімімен 182 қазақстандық азаматқа «Болашақ» стипендиясы берілді.

Оның ішінде 149 стипендиат магистратурада, 7 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, ал қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Сонымен қатар комиссия мүшелері ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми орталықтарынан тағылымдамадан өту үшін берілетін гранттарды қарастырды.

Комиссия шешімімен 328 қазақстандыққа грант берілді.

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау биылғы қыркүйек айының ортасына дейін жалғасатынын айта кету керек.

Ал ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасына конкурстық іріктеу 2023 жылдың қазан айының ортасына дейін жалғасады.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді