1038

"Титаникті" іздеген "Титандағы" экипаж қайтыс болды

19 маусым күні Солтүстік Мұхитта Титаниктің қалдығын көруге аттанған экипаждың жағдайын smartnews.kz сайты  BBC News агенттігіне сілтеме жасап мәлімдейді.

"Титаникті" іздеген "Титандағы" экипаж қайтыс болды
OceanGate Expeditions

Бейсенбіде АҚШ Жағалау күзеті 10 кеме мен бірнеше сүңгуір қайықты қосып, құтқару операциясының ауқымын кеңейткен. Солай жоғалған экипажды іздеуге кеткен болатын. Іздеуге Канаданың құтқару қызметтері де қатысқан.

Кейінірек құтқарушылар батискафтың конусын тапқанын хабарлады. Сараптама бойынша кеме су астында жарылған болуы мүмкін. Корпустың басқа да қалдық бөліктерін 3800 метр тереңдікте орналасқан "Титаниктен" шамамен 500 метр (1600 фут) қашықтықта тапқан.

Еске сала кетсек, экипаж құрамында OceanGate компаниясының директоры Стоктон Раш пен Поль-Анри Наржоле болған, Ал турист ретінде британ бизнесмені Хамиш Хардинг, пәкістандық бизнесмен Шахзада Давуд пен оның 19 жастағы ұлы Сулеман Давуд болған, 

Кеме батып кеткен "Титаникті" көру үшін туристік мақсатта мұхит түбіне сүңгіген. Экипаж сапарының 1 сағат 45 минутында байланыс үзілген. АҚШ Жағалау күзеті шамамен батискафта 70-96 сағаттық төтенше оттегі қоры барын айтты. Сол уақыт аралығында масштабты құтқару операциясын ұйымдастырып, жоғалғандарды құтқарып қалуы мүмкін екенін айтқан.

Материал авторы