Елімізге Иран мен Ресейден келетін туристер саны артты

23.06.2023, 10:22
720
Елімізге Иран мен Ресейден келетін туристер саны артты smartnews.kz

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ішкі туристер саны өсіп, 8,5 млн адамға жетті. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасына сұхбат берген Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz   сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, былтырғы ішкі туризмнің өсімі пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2 млн адамға артық.

«Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өткен жылы ішкі туристердің саны 8,6 млн адамға жетті. Бұл нәтижені жақсарта түсу үшін Мәдениет және спорт министрлігі 10 негізгі бағытты анықтады. Қазақстанның әр өңірінде, атап айтқанда 3 мегаполисте және 17 облыста өзіміздің бірегей, ерекше орындарымыз бар. Пандемияның салдары ішкі туризмнің дамуына ықпал еткенін көріп отырмыз. Қазақстандықтар еліміздің өзге өңірлеріне жиі саяхаттай бастады», - деді Асхат Оралов.

Министр атап өткендей, бұл ретте ресейлік туристер саны да ұлғайған.

«Бізге әрқашан ресейлік туристер жиі келіп тұрады. Дегенмен қазір олардың саны артып келеді. Бұл әсіресі шекара маңындағы аймақтарда айқын байқалады. Сондай-ақ, Маңғыстау облысына Ираннан келетін туристердің қатары күрт артты. Мемлекет басшысының Иран Республикасына жасаған сапарының қорытындысы бойынша визасыз режимге қол қойылды. Бұл үлкен жаңалық. Осы жылдың наурыз айында, яғни Наурыз мерекесі қарсаңында алғашқы 300 турист Маңғыстау облысына, атап айтқанда Ақтау қаласына келді», - деп тоқталды министр.
Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды