Халықтың жан басына шаққандағы шынайы табысы 5,2% төмендеді

23.06.2023, 11:51
897
Халықтың жан басына шаққандағы шынайы табысы 5,2% төмендеді smartnews.kz

Биылғы І тоқсанда Қазақстан халқының жан басына шаққандағы номиналды табысы 10,7% өскен. Бірақ, жылдық мәндегі инфляция мен азық-түлік бағасының, қызметтер ақысының артуына байланысты табыстың өсімін қымбатшылық еселеп жұтып жатыр. Соның салдарынан, халықтың шынайы табысы былтырғы І тоқсанмен салыстырғанда 5,2% төмендеп кеткен, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысында айтылған.

«Алдын ала бағалау бойынша, 2023 жылғы қаңтар-мамырда жалпы ішкі өнімнің өсуі 2022 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 4,5% болды. Тауарлар өндірісі – 3,6%, көрсетілетін қызметтер өндірісі 4,9% өсті. 2023 жылғы мамырда жылдық мәндегі инфляция 15,9%-ға жетті. Азық-түлік тауарларының бағасы – 16,5%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 17,2%, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы 13,5% артты. Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай кірістері 2023 жылғы сәуірде 167 мың теңге болып, номиналды мәнде – 10,7% өссе, нақты мәнде 5,2% төмендеді», - делінген мәліметте.

Сәйкесінше, орташа айлық жалақы 2023 жылғы сәуірде 347,6 мың теңге болып, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда номиналды мәнде – 15,2% артып, нақты мәнде 1,4% төмендеген. Ал, жұмыссыздық деңгейі 2023 жылғы I тоқсанда 4,8% болып отыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді