Барак Обама: 2014 жылы әлем Қырымды аннексиялауға жеткілікті қарсы жауап берген жоқ

23.06.2023, 17:06
607
Барак Обама: 2014 жылы әлем Қырымды аннексиялауға жеткілікті қарсы жауап берген жоқ ria.ru

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама 2014 жылы Қырымды аннексиялау оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады. Саясаткердің мәлімдемесінің мән-жайын smartnews.kz сайты тарқатады.

2008 жылдан 2016 жылға дейін Американы басқарған Барак Обама бейсенбі күні CNN-ге берген сұхбатында даулы мәлімдеме жасады. Арнаның халықаралық шолушысы Кристиан Аманпур Мәскеудің халықаралық заңнаманы өрескел бұзуына ұжымдық Батыстың (ең алдымен АҚШ пен Еуропалық Одақтың) реакциясын ретроактивті түрде бағалауға қатысты сұрақ қойған болатын. Обаманың айтуынша, 2014 жылы Украина мемлекетінің саясаты қазіргіден мүлде басқаша болған. Қырымда да, Украинаның өзге бөлігінде де Кремльге адал және орыс насихатына бейім орыс тілді адамдар көп болған. Сондықтан Қырымды Ресейдің күштеп тартып алынуына реакция әлсіз болған.

- Ангела Меркель (Германияның бұрынғы канцлері - ред.) екеуміз еуропалық серіктестерді біз енгізген санкцияларды енгізуге көндіру үшін көп күш жұмсадық. Әрі Путиннің Донбассты басып алуына жол бермедік, - дейді Обама.

Сондай-ақ Барак Обама сол кездегі әлсіз күшке қарамастан, тойтарыс бере алдық деп ағынан жарылды.

- Ол кезде Украинаның, Еуропаның да қандай көңіл-күйде болғанын ескерсем, біз соққыны толығымен ұстап тұра алдық деп ойлаймын, - деп қорытындылады бұрынғы президент. 

Еске сала кетсек, Владимир Путин 500 американдыққа, оның ішінде Барак Обамаға да Ресейге кіруге тыйым салған болатын. Ресей Сыртқы істер министрлігі Америка тарапынан түскен санкцияларға жауапты осылай қайтарған. Кіруге тыйым салынған адамдар тізімінде Обамадан бөлек, қазіргі және бұрынғы шенеуніктер, конгрессмендер мен сенаторлар, талдау орталықтарының қызметкерлері және әскери-өнеркәсіптік компаниялардың басшылары кірген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды