Оралға тойға келген түркиялық заңсыз мигрант ұсталып қалды

23.06.2023, 19:42
638
Оралға тойға келген түркиялық заңсыз мигрант ұсталып қалды smartnews.kz

Оралға тойға келген түркиялық азамат ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1975 жылғы түркиялық азамат 2 жылдан астам уақыт бойы Атырау облысында визасыз тұрып, құрылыс алаңдарында жұмыс істеген.

Республикалық «Заңсыз келуші» жедел-алдын алу іс-шарасы Оралда қолға түскен түркиялық азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ел аумағынан шығару туралы соттың шешімі шығарылды.

«Аталмыш іс-шара басталғалы үш күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 159 құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде 85 шетелдік республика аумағында болу ережесін бұзған. Ал 63 қазақстандық азамат шетелдіктерді қабылдамағанымен, уақытында полицияға хабарлама түсірмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса шетелдік жұмыс күшін заңсыз жұмысқа тартқан 11 облыс тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды. Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған 22 шетелдік қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Тіркеу мерзімі өтіп кеткен 9 шетелдік сот шешімімен мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Сондай-ақ Орал қаласында мас күйінде екі ресейлік азамат айдап келе жатқан 2 автокөлік тоқтатылды. Оларға да қатысты әкімшілік шара қабылданды», - деп хабарлады ведомстводан.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды