Нидерланд орталығынан 4 000 жыл бұрынғы қасиетті орын табылды

24.06.2023, 09:40
724
Нидерланд орталығынан 4 000 жыл бұрынғы қасиетті орын табылды Municipality of Tiel/Reuters

Археологтар Нидерланд орталығынан арықтар мен қорғандардан тұратын 4 000 жыл бұрынғы қасиетті орынды тапты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Англияның оңтүстігіндегі әйгілі тастан жасалған құрылысқа ұқсайтын, көлемі жағынан үш футбол алаңына тең келетін қасиетті орын топырақ пен ағаштан тұрғызылған.

Археологтар бұл жерден жануарлар қаңқасын, адамның бас сүйектері және найзаның ұшы сияқты құнды заттарды тапты.

Қазба жұмыстары Роттердамнан шығысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан Тиль қаласының маңында жүргізілген.

«Ең үлкен қорған Англиядағы әйгілі Стоунхендж тастары сияқты күн күнтізбесі қызметін атқарған. Бұл киелі жер жылдың ерекше күндері аталып өтетін, ырымын жасап, қайтыс болғандарды жерлейтін аса маңызды орын болса керек. Шерулерге арналған жолдардың бойында қатар-қатар бағаналар тұр», - делінген Тиль қаласы әкімшілігінің хабарламасында.

2017 жылы қазба жұмыстары кезінде де археологтар бірнеше бейітті тапқан. Мамандар тас ғасыры, қола дәуірі, темір дәуірі, Рим империясы және орта ғасырларға жататын миллионнан астам қазылған затты зерттеуге алты жыл уақыт жұмсады.

Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін қазба жұмыстары аяқталғаннан кейін алаңның беті қайта жабылған.

Табылған заттардың бір бөлігі жергілікті Тиль мұражайына және Нидерланд Ұлттық көне жәдігерлер мұражайындағы көрмеге қойылады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды