Путин мен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті
Ресей Федерациясы мен Беларусь елінің президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Беларусь Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған belta.by қос елдің басшысының телефонмен арадағы әңгімесі 24 маусымда таңертең болғанын хабарлайды.
"Ресей Президенті бүгін таңертең Беларусь Президентіне қоңырау шалып, телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин беларуссиялық әріптесін Ресейдегі жағдайдан хабардар етті", – деп хабарлады баспасөз қызметі.