Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Моңғолияда Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

24.06.2023, 19:28
533
Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Моңғолияда Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды inform.kz

Қазақстандық Абылайхан Жұбаназар Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Абылайхан 81 келіге дейінгі салмақта жүлдеге ілікті.

Қазақстандық дзюдошы алдымен германиялық Доминик Ресселді иппонмен ұтты.

Екінші айналымда моңғолиялық Буянцагаан Эрденебатты тізе бүктірді.

А.Жұбаназар ширек финалда жапониялық Кения Охараға есе жіберді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде бахрейндік Аскерби Гербековті жеңді. Қола жүлде үшін бәсекеде тағы бір моңғолиялық Молд-Очир Герелтуяны қапы қалдырды.

Бұл - Абылайханның Grand Slam додаларындағы екінші медалі. Ол биыл Грузия астанасы Тбилисиде күміс жүлдеге ие болған еді. Ал өткен жылы Моңғолиядағы осы жарыста бесінші орыннан көрінді.

Кеше жарыстың бірінші күні Нұрқанат Серікбаев (-60 кг) пен Ғалия Тынбаева (-48 кг) қола жүлдеге қол созым жерден тоқтап, 5-орынға тұрақтаған еді.

Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді