Атырау облысында 1,1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды

25.06.2023, 15:03
704
Атырау облысында 1,1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды smartnews.kz

Атырау облысында 1,1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды. Оның көлігі Мақат ауданындағы арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, айыппұлын төлемеген жүргізуші Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолда ұсталған.

«Патрульдік полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті уақытпен сағат 16:30 шамасында Kia маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде 1968 жылғы тұрғынның осы кезге дейін төленбеген 52 айыппұлы бары анықталды. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 млн 152 мың теңгені құрайды. Сол себептен, жүргізушінің көлігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 785-бабына сәйкес, Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің арнайы тұрағына жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жүргізуші айыппұлдың жинақталып қалғанынан хабарсыз екенін айтқан. Ол шетелде тіркелген көліктер туралы ақпараты «Сергек» камерасы арқылы тіркелетінін білмегенін жеткізген.

«Тұрғындардың дені заңды толық білмегендіктен, құқық бұзады. Бірақ, бұл оларды жауапкершіліктен босатпайды. Сол себептен, тұрғындарға, әсіресе, көлік жүргізушілеріне автокөлікті сатып алу кезінде құжаттарының дұрыстығын тексеру қажеттігін ескертеміз», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды