Мүгедектігі бар түркістандықтар құмыра жасау және гүл өсіру дағдыларын меңгереді

25.06.2023, 16:25
925
Мүгедектігі бар түркістандықтар құмыра жасау және гүл өсіру дағдыларын меңгереді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі

Құмыра жасау және гүл өсіруден шеберлік сағаттары Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы және Түркістан қаласының мүгедектігі бар тұрғындары үшін өткізіледі деп, хабарлайды smartnews.kz сайты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі Түркістан облысында инклюзивті қоғамды дамытуға және мүгедектігі бар адамдардың тұрақты интеграциясына жәрдемдесуге бағытталған жобаны іске асырып келеді.

Жоба аясында қоғам белсенділері психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді, кәсіптік оқыту жүргізіп, азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Осылайша, 20 бенефициарға арналған қыштан құмыра жасау және гүл өсіруден шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

photo
photo

«Оқыту «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау және әлеуметтік бейімдеу орталықтарының базасында офлайн форматта жүргізіледі. Тренерлер бенефициарларға оқу аяқталғаннан кейін де қолдау көрсетеді. Шеберлік сағаттары аясында 20-дан астам адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Біз бенефициарларға жұмыс орнын таңдау кезінде де, жұмыс ұжымына қосылу кезінде де, сондай-ақ жұмысқа орналасқаннан кейінгі бірінші кезеңде қолдау көрсетуді басты назарға аламыз. Осылайша, біз мақсатты аудиториямызды барынша тиімді әлеуметтендіре аламыз», - дейді жоба жетекшісі Диана Қырғызбаева.

Әлеуметтік жоба осы жылдың қыркүйегінде аяқталады.

photo
«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді