Абай шығармашылығын жетік білетін оқушылар республикалық олимпиадада бақ сынайды

26.06.2023, 11:24
593
Абай шығармашылығын жетік білетін оқушылар республикалық олимпиадада бақ сынайды egemen.kz

Мектеп оқушылары арасында V республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында 26-28 маусым аралығында өтетін білім додасы Абай шығармашылығын оқу арқылы көркемсөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық мән-маңызын түсінетін жас ұрпақ тәрбиелеуді, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуды мақсат тұтады. Олимпиадаға облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 9-11-сынып оқушылары қатысады. Биыл бесінші рет өткізгелі отырған білім олимпиадасында еліміздің әр өңірінен, оның ішінде 13 облыс, 3 республикалық маңызы бар қала, 3 республикалық білім беру ұйымдарынан 95 оқушы бақ сынайды.

Олимпиада екі айналымнан тұрады. Бір оқушы екі айналымға да қатысады. Бірінші айналымда қатысушы Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазады. Екінші айналымда М.Әуезовтің «Абай жолы» романы, Абай шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмаларға жауап береді. Абай іліміне көзқарасын білдіріп, Абайтанушы ғалымдар жайлы жалпы білімін көрсетеді. Сонымен қатар қатысушының М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан алынған сөйлемдерге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығы анықталады.

Білім сайысында жеңіске жеткен оқушыларға Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдары, «Ұшқан ұя» түлектер бірлестігінің демеушілігімен бағалы сыйлықтар табысталады.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол