Абай облысының педагогтері ауыл шаруашылығы қалдықтарын энергияға айналдырады

26.06.2023, 12:15
795
Абай облысының педагогтері ауыл шаруашылығы қалдықтарын энергияға айналдырады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Абай облысы Аягөз ауданы Шынқожа батыр атындағы орта мектеп педагогтері баламалы энергетиканың ерекше көзін ойлап тапты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүрген Әйгерім Нүкібаева, Лаура Қожаева, Эльмира Тұрапова, Алмас Дәулетов және Қарлығаш Рахметолланың идеялары ауыл тұрмысы үшін өте маңызды.

Жас мамандар экологиялық проблемалардың алдын алуға мән берген. Олар қоршаған ортаның экологиялық, агрохимиялық, энергетикалық мәселелерін шешудің бірнеше жолдарын ұсынды. Олардың бірі – ауылшаруашылық қалдықтарын баламалы энергияға айналдыру немесе биогаз арқылы табыс табу.

photo

«Ашық тастаған қалдық, қоқыс әсерінен қоршаған орта, ауа, топырақ ластануда. Ауаға тараған қалдық, қоқыстық заттардың вирустары топыраққа сіңіп жағымсыз иіс, метан, күкіртті сутек, индол газдары бөлініп ауаны ластаумен қатар адамдар арасында іш ауруларын, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын көптеп таратуда. Біз ойлап тапқан биогаз өндіру- энергия үнемдеу және тұрмыстық қалдықтарды бейтараптау, қоршаған ортаны сақтауда өте маңызды», - дейді жас педагогтер.

Биогаз бен био тыңайтқыштарды дақылдардың жақсы өсуі үшін қолдануға, үй жануарлары мен құстарға жемдік қоспа түрінде қолдануға болады. Қазір биогаз арқылы ауылдың жартысы жылумен қамтамасыз етілген. Болашақта жас мамандар оны табыс көзіне айналдырып, сатуды жоспарлап отыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады