БАҚ өкілдеріне Президент атынан пәтер сертификаты берілді
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген журналистер мен басқа да қызметкерлерге пәтер сертификаттары берілді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен, бүгін «Qazaqstan» РТРК» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, ҚР Президентінің Телерадиокешені, «Qazcontent» АҚ және «Қазақ газеттері» ЖШС қызметкерлеріне жаңа баспананың сертификаты табысталды. Пәтер кілтін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тапсырды.

Пәтер сертификатына ие болған 65 қызметкер Астанадағы жаңадан салынған тұрғын үйлердің біріне қоныстанады.
