Ұлытау облысында Канада университетімен бірлескен мемлекеттік ЖОО ашылады

26.06.2023, 16:46
496
Ұлытау облысында Канада университетімен бірлескен мемлекеттік ЖОО ашылады smartnews.kz

Ұлытау облысында канадалық университетпен бірлескен қос диплом ұсынатын мемлекеттік жоғары оқу орны ашылады. Бұл жайында аймақ әкімі Берік Әбдіғалиұлы орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бізде мемлекеттік жоғары оқу орындары жоқ. Тек жекеменшік университет бар. Осыған байланысты қазір канадалық жоғары оқу орындарымен серіктестік арқылы қос диплом беру шартымен университет ашу жоспары қолға алынды. Қазір Ғылым және жоғары білім министрлігімен келіссөз жүріп жатыр. Күзде ресми тіркелуі керек. Ендігі жылы студенттерді қабылдау бағытында жұмыс атқарамыз», - деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, облыс Қазақстанның орталығында тұрса да, транспорт тұйықтығына тап келіп отыр.

«Қызылорда – Жезқазған бағытындағы жолдың проблемасы талайдан бері елдің көкейінде жүр. Мемлекет басшысының тапсырмасы да бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, шілде айында қайта конкурс жарияланады. Сөйтіп күзде дайындық жұмыстарын бастап кету жоспарланған. Негізгі жұмыс ендігі жылы басталуы керек. Ұлытау – Арқалық бағыты бойынша биыл 20 шақырымында жөндеу басталды. Ал Жезқазған – Қарағанды бағыты бойынша бізге тиесілі 30 шақырымда жөндеу жұмыстарын бастау көзделіп отыр. Сонымен қатар 7,5 млрд теңгеге 48 республикалық және 35 облыстық маңыздағы жолды жөндеу көзделген. Бұдан бөлек, 137 шақырым болатын қалаішілік және кенішілік жолдарды реттеу жоспарда тұр», - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды