«Өзенмұнайгаз» бас директорының экс-орынбасары Қарамырзаев ұсталды

26.06.2023, 17:35
757
«Өзенмұнайгаз» бас директорының экс-орынбасары Қарамырзаев ұсталды smartnews.kz

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Е. Қарамырзаев қызметтік өкілеттігін пайдаланып, мердігер ұйымдар жұмысына кедергі келтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Е. Қарамырзаевті (қазіргі таңда «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорының орынбасары) ұстады.

Ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында қызметтік өкілеттігін пайдаланды деп күдіктеліп отыр.

Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған.

Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол «КЕЗБИ» ЖШС-ны ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша өзіне қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті.

Өзінің заңсыз әрекеттерімен ол «КЕЗБИ» ЖШС-ның заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірді және мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды», - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жария етілмеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды