Қарағанды облысында 80-нен астам ақбөкеннің өлексесі табылды

26.06.2023, 18:52
652
Қарағанды облысында 80-нен астам ақбөкеннің өлексесі табылды EcologyofQazaqstan

Қарағанды облысында Қайнар ауылдық округінің тұрғындары Құлан өзенінің жағасынан сексеннен астам ақбөкеннің өлексесін тапты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға өткен жұма, 23 маусымда Қарағанды облысы Нұра ауданы Қайнар ауылдық округінде болған. Жергілікті тұрғынның бірі Құлан өзенінен ақбөкендердің өлексесін көрген. Сол күні кешке Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары келді. Белгілі болғандай, өзенде 86 ақбөкеннің биылғы төлі суға батып кеткен.

«23 маусымда Құлан өзенінде суда 86 бас ақбөкен төлдерінің өлексесі табылды. Комиссия құрамында: Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Нұра ауданының табиғатты қорғау полициясының, «Охотзоопром» РМҚК, кенттің ветеринариялық инспекциясы және Қайнар ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері тексеру жүргізді. Өлген жануарлардың өлексесінде ыдырау іздері бар, бұл олардың жынысын, оқ тиген-тимегенін анықтауға мүмкіндік бермеді (қылмыстық іздер жоқ)», - деп мәлімдеді ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Абзал Балтабаев.

Мамандар ақбөкендердің өлексесін арнайы полигонға шығарып, жойып жіберді. Болжам бойынша, олардың жаппай қырылуына жас ақбөкендердің өзендегі өткелден өте алмауы себеп болған. Инспекция хабарлағандай, бұл учаскеде су астында терең жар бар.

«Суға батып кеткен төлдер тым жас болғандықтан өткелден жүзіп өте алмаған болуы мүмкін», - дейді мамандар.

photo
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды