Мысырда көпқабатты үй опырылып құлады
Мысырдың солтүстігіндегі Александрия қаласында жаз мезгілінде туристерді орналастыруға пайдаланылатын 13 қабатты тұрғын үй опырылып құлап, көптеген адам үйінді астында қалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Үйінді астында қалған адамдардың нақты саны белгісіз. Сиди Бишр ауданындағы ғимарат құлаған жерде азаматтық қорғаныстың шұғыл әрекет ету қызметі жұмыс істеп жатыр. Аман қалған адамдарды іздеп-табу, сондай-ақ үйіндіге соғылған автокөліктердің сынықтарын тазарту жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қаза тапқандардың нақты саны хабарланбады.
Қала губернаторы Мохамед Тахер әл-Шерифтің сөзінше, әдетте, үй жаз мезгілінде туристерге жалға берілетін. Онда супермаркет те болған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, үй құлағанға дейін жарылыс естілген.