Пригожин әскери бүлік басылғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

26.06.2023, 22:09
13939
Пригожин әскери бүлік басылғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады видеодан алынған кадр

Ростовтағы оқиғалардан кейін төбе көрсеткен "Вагнердің" негізін қалаушы Евгений Пригожин өзінің жеке әскери компаниясын таратқысы келгенін, осы жайт бүлікке түрткі болғанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Евгений Пригожиннің баспасөз қызметі "Вагнер" ЖӘК басшысының "болған оқиғаларға қатысты" берген түсініктемесінің аудиосын жариялады.

Бұл Пригожиннің бүлік басылғаннан кейінгі жасаған алғашқы мәлімдемесі:

"Вагнер" ЖӘК - Ресейдегі ең тәжірибелі бөлімше, ол даурықпа, алып-қашпа сөздерге байланысты 1 шілдеде тарауы керек болатын.

Командирлер кеңесі ақпаратты жауынгерлерге жеткізді, ешкім Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға келіспеді.

Қорғаныс министрлігі қатарына өткен жауынгерлер саны аз, шамамен – 2%.

Ешқандай агрессия көрсетпесек те, бізге зымыранмен соққы берілді. 30 адам қаза тапты. Кейбіреулері жарақат алды. Осы жайт шалт қимыл жасап, алға жылжуымызға түрткі болды.

Коллонаның бірі Ростовқа, екіншісі Мәскеуге қарай бағыт алды. Жолдағы сарбаздардың бір де біріне ешкім тиіспеді. Біз авиацияға соққы беруге мәжбүр болғанымызға өкініш білдіреміз, бірақ олар бізге бомба тастады.

Жасақтың жылжудағы мақсаты Украинадағы қақтығыс кезінде қателік жіберген адамдарды жауапқа тарту болды. Мұны халық пен әскери қызметкерлер талап етті.

Біздің Әділеттілік шеруі бүкіл ел бойынша қауіпсіздіктің маңызды мәселелерінің бетін ашып берді.

Пригожиннің айтуынша, "мұны қоғам талап етті. Шеру кезінде кездескен барлық әскери қызметші бізді қолдады".

ЖӘК басшысы бірінші шабуылдаушы жасақ Мәскеуге 200 шақырым қалғанда вагнершілердің кілт тоқтағанын баса атап өтті. Осы кезде олар аталған аймаққа барлау жүргізіп, көп қан төгілетінін білген. 

Осы уақытта Лукашенко байланысқа шығып, "Вагнер" ЖӘК-тің одан ары қарай заңды жұмыс істеу жолын табуды ұсынған.

"Біз 24 сағат ішінде 2022 жылы 24 ақпанда Ресей әскерінің Киевке дейінгі және сол нүктеден қалаға дейінгі қашықтыққа сәйкес келетін қашықтықты жүріп өттік, сондықтан егер 2022 жылы 24 ақпандағы арнайы операция бойынша ұрыс-қимылдарды "Вагнер" ЖӘК қатарындағыдай оқытылған, моральдық дайындық деңгейі жоғары бөлімше орындаса, онда, мүмкін бұл бір күнге ғана созылар ма еді", - Евгений Пригожин.

Ол жолға елдегі билікті құлату үшін шықпағанын баса атап өтті.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты