801

Елімізде 14 286 шет ел азаматы жұмыс істейді

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 286 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Елімізде 14 286 шет ел азаматы жұмыс істейді
smartnews.kz

Еңбек министрлігінің 1 маусымдағы есебіне сәйкес, Қазақстанға жұмыс істеуге келетін адамдардың көпшілігі мына салаларда жұмыс істейді:

- құрылыс – 5386 адам (35%),
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1835 адам (10%),
- тау-кен – 1401 адам (10%) және өңдеуші өнеркәсіп – 1007 адам (7%),
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 978 адам (7%).

Мигранттар негізінен Қытайдан көбірек келеді (3412 адам). Одан бөлек Өзбекстан (1884 адам), Үндістан (1484 адам) және Түркия (1397 адам) елдерінен де жұмыс істеуге келетін адамдар үлесі көп.