70 мың студентке жатақханада орын жетіспейді – депутат

27.06.2023, 15:21
864
70 мың студентке жатақханада орын жетіспейді – депутат smartnews.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Елімізде 1 миллионнан астам студент білім алады. Бүгінде студенттерге жатақханада 70 мыңнан астам орын жетіспейді. Яғни, 70 мың студент пәтер жағалап, оқуды емес, керісінше пәтерақының қамымен жүргені анық. Кейінгі 3 жыл бойы «АМАНАТ» партиясы студенттердің жатын орын мәселесін жүйелі көтеріп, шешіп келе жатыр. Жылда ең болмағанда тағы 10 мың студенттің жағдайын жақсарту партиямыздың «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ» бағдарламасында арнайы көрсетілген. Ол үшін біз 2023 жылдан бастап жатақхана құрылысы үшін мемлекеттік тапсырыс төлемін 1,5 есеге, ал мегаполистерге шамамен 2 есеге көтеріп, әкімдіктен жер учаскесін қайтарымсыз беру мәселесін де пысықтадық. Бірақ, биыл тағы да мәселе ушығып тұр. 2023 жылдың жоспарына сәйкес 11 400 орындық 34 жатақхана іске қосылуы тиіс еді. Алайда бұл процестің өте баяу әрі тиімсіз шаралардың әсерінен орындалмай қалу қаупі жоғары», - деді Е. Бейсенбаев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, жыл бел ортасына жетсе де, 6 айда 11 мыңнан астам орынды қамтитын жатақханалардың тек 900 орындық екеуі ғана, яғни 8 проценті ғана іске қосылды.

«Екіншіден, сол тізімдегі жатақханалардың 2,2 мың орны мүлдем салынбай қалу қаупінде тұр. Яғни қойылған меже де, берілетін студенттік жатақханаларда салынбайды деген сөз. Дәл осы мәселені депутаттар өз қаперінен жіберген емес. Үшіншіден, жергілікті әкімдіктер әлі де болса студенттік жатақханаларды салуға мүдделі емес екендіктерін нақты көрсетіп отыр. Оның ішінде, білім беру ұйымдарына жер бөлу, ғимараттардың нысаналы мақсатын өзгерту, қажетті құжаттарды реттеу бойынша жұмыстарды бюрократияға айналдырып отыр. Үкімет тарапынан жатақхана салу бойынша «қалдықты принципті» ұстану, жас студенттерге жасалған әділетсіздік деп санаймын», - деді депутат.

Бұл тұрғыда ол жатақхана мәселесі ушығып тұрған аймақтардың әкімдіктері мен орталық мемлекеттік органдар жағынан тез арада бірлескен нақты іс-қимыл жоспарын бекітуді ұсынды.

Оның пайымынша, инвесторлармен бірге жүйелі жұмысты ұйымдастырып, алдағы жаз айларында құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейту керек.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді