860

Биыл Бурабайда 35 жаңа пикник орындары ашылған

Туристік маусымның ашылуы қарсаңында «Бурабай» ұлттық паркі аумағында туристердің демалуына арналған 35 жаңа орын жасалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Биыл Бурабайда 35 жаңа пикник орындары ашылған

Курорттық аймақта от жағатын орны жоқ 9 орын, тамақ пісіретін жері, үстелдермен орындықтары, қауіпсіз от жағуға арналған алаңы бар 26 пикник алаңы салынған.

Орманда және басқа да рұқсат етілмеген жерлерде өрт шығып кетпеуі үшін пикник алаңдарын салу ыңғайлы шешім болғандықтан, туристердің тоқтап демалуына арналған шағын алаңқай (үстел, орындық барбекю), сондай-ақ ет қақтауға қажетті жабдықтар толық қамтылған. Арнайы орындардың тазалығы үшін қоқыс жәшіктері мен нұсқаулық жазылған ақпараттық тақта да орнатылған.

Аталмыш курортты пикник орындарын салғандағы мақсат – өркениетті экотуризмді қолдау және дамыту, Ұлттық парктің табиғатын сақтау. Жобаны іске асырушылардың айтуынша, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ұлттық парк аумағында мәдениетті демалыс ұйымдастыру қажет болғандықтан, Үлкен және кіші Шабақты көлдерінің жағасында тамақ пісіруге мүмкіндік жасалған осындай орындар салынған.

Ұлттық парктегі туризмді реттеуге бағытталған жұмыс демалушылардың тазалық пен қауіпсіздік шараларын сақтауға бағытталған.