FlyArystan денсаулығы нашарлаған жолаушыға қатысты түсінік берді

27.06.2023, 19:17
858
FlyArystan денсаулығы нашарлаған жолаушыға қатысты түсінік берді 7kun.kz

FlyArystan компаниясы әлеуметтік желіде тараған видеоға түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Желідегі тараған видео кадрларына сүйенсек, «Астана – Ақтау» рейсіндегі жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлаған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, оттегі баллонымен проблема туындаған.

«25 маусым күні орындалған KС7375 Астана-Ақтау бағытындағы рейсте жолаушы ұшақ қонуға жақындаған кезде әлсіреп, жүрегі айнып, өзін нашар сезіне бастады. Бортсеріктер барлық нұсқауларға сәйкес жолаушыға дереу алғашқы көмек көрсетті.

Алғашқы медициналық көмек көрсету барысында бортсеріктер жолаушының қан қысымын өлшеп, оның төмен екенін анықтады. Осыдан кейін оттегі баллоны қолданылды. Бортсеріктер нұсқаулыққа сәйкес ауаның өтуін алдын ала тексеріп, жолаушыға оттегі маскасы кигізілді. Алайда, көмек көрсету барысында бортта дәрігер бар екені анықталып, кейіннен ол қан қысымын қайта өлшеп, жолаушыны көлденең жатқызуға кеңес берді.

Дәрігер көмек көрсете бастаған кезде оттегі баллоны қажет болмағандықтан, балонның ауа өткізу тұтқасы жабылып, кейінге қалдырылды. Сонымен қатар дәрігер 1 мг атропин дозасын жолаушының бұлшық етіне енгізді. Уақытты үнемдеу мақсатында дәрігердің өтініші бойынша атропиннің және адреналиннің тағы бір дозасы дайындалды және жаңа оттегі баллоны берілді. Кейіннен олар жолаушының жағдайының жақсаруына байланысты қолданылмады.

Рейс аяқталғаннан кейін тексеруден өткен екі оттегі баллоны да 1500 psi-ден жоғары белгі көрсетті, яғни екі баллон да толық оттегімен қамтылғанын хабарлаймыз.

Әуекомпания жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсету барысында кәсіби біліктілігін көрсеткен дәрігер-жолаушыға алғыс білдіреді», - делінген авиакомпания мәліметінде.

Атап өтілгендей, FlyArystan бортсеріктері алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларға ие. Сондай-ақ әр жолаушыға алғашқы көмек көрсету үшін барлық рейстер дәрі-дәрмектермен және жарамды жабдықтармен жабдықталғаны хабарланды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды