Бас мүфти діндегі орамал мәселесі туралы пікір білдірді

28.06.2023, 14:37
3181
Бас мүфти діндегі орамал мәселесі туралы пікір білдірді inform.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Jibek Joly телеарнасының «Еркін сұхбат» жобасында исламдағы орамал мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазір дінге бет бұрып, намазға келген, хиджап киген өнер адамдары, ақындар, қоғам белсенділері арнайы діни білімі болмаса да блогер болып, әлеуметтік желі арқылы көп елге ақыл айтып жүр. Тіпті дәстүрлі дінге жат пәтуалар, тұжырымдар айтылып қалып жатады. Осыған бір бақылау бар ма? Арнайы ұйымдар қадағалай ма?», - деп сұрады жоба авторы.

Әуелі Наурызбай қажы хиджап деген сөздің орнына орамал ұғымын қолдану орынды екенін айтты.

«Сіз хиджап деп қалдыңыз. Қазақшасы орамал ғой. Біз әйел баласының бас киімін орамал деп айтамыз. Қазақ халқының келін түскенде басына орамал салатын салты бар. Осы орамалға қатысты айтсақ, мұсылман дінінде әйел баласының орамалмен жүруі – негізгі шарттардың бірі. Сондықтан орамал таққан кез келген қызды сыйлаймыз, қадірлейміз. Кейбір орамал киген қыздардың қателігін бүкіл орамал киген қауымға жабуға болмайды. Аналарымыз әрқашан орамалын басынан тастамаған. Қазір де ондай аналар жетерлік. Орамал туралы айтқан кезде осы жағын ескеру керек деп ойлаймын», - деді ҚМДБ төрағасы.

Бас мүфти діни мәселеге пәтуа айту көлденең көк аттының құзырындағы шаруа емес екенін баса айтты.

«Жалпы пәтуа беру – жауапкершілігі өте жоғары дүние. Сондықтан пәтуа беруде адам өте сақ болу керек. Кез келген адамның әлеуметтік желіге шығып, «мынау болады», «мынау болмайды» деп сөйлеуі өте қиын мәселе. Әрине, діндар адамдар кітапқа сүйенеді. «Екі молда таласса, дауды кітап шешеді», - деген керемет сөз бар қазақта. Яғни, пәтуа шариғи негізде берілу керек. Ислам дініндегі сұраққа жауап беруші кез келген адам Құранмен, немесе пайғамбар аятымен, ғалымдардың берген пәтуасы арқылы жауап беру керек. Ондай сілтемелерді білмесе, есінде сақтағаны арқылы пәтуа айтудан сақ болғаны керек. Есте сақтаған дүниенің бір мәселесі ұмытылып қалса, бұрмаланып кетуі мүмкін», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды