Еуропаның бірыңғай ақшасы цифрлық валютаға айналады

29.06.2023, 09:28
703
Еуропаның бірыңғай ақшасы цифрлық валютаға айналады видеодан клынған кадр

Брюссель электронды еуроны айналымға енгізуді ұсынды. Цифрлық бірыңғай валютаға Еуропа орталық банкі рұқсат беруі керек, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Күнделікті қаржы операцияларына цифрлық құралдарды пайдаланатын адамдар күннен күнге артып келеді.

Осыған орай Брюссель кеше электронды еуроны айналымға енгізуді ұсынды.

Еурокомиссияның вице төрағасы Валдис Домбровскис цифрлық бірыңғай еуропа валютасы қазіргі қағаз, металл және карта түріндегі төлем тәсілдеріне балама шешім ретінде бүкіл еуроаймақ тұтынушыларына ұсынылатынын айтты:

«Адамдар цифрлық еуромен «қоғамдық» қаржы секілді төлей береді. Ерекшелігі сол – онлайн да, офлайн да төлем жасауға болады. Телефоныңызда толықтырып отыруға болатын еуроәмиянның болуы – қалтаңызда тиын мен банкноттың болғанымен бірдей. Төлеу де жеңіл болмақ. Сізге тіпті интернетке қосылудың да қажеті жоқ».

Еуроодақ дерегі бойынша, ЕО азаматтарының 55% қолма-қол ақшасыз төлем жасауды құп көреді, 22% қолма-қол ақшамен төлегенді қаласа, 23%-не бәрібір.

Электронды еуроны енгізу туралы ұсынысқа қаржы істері мен жинақтарына банктің араласуынан қорқатын адамдар наразы болды.

Бірақ Брюссель болашақ жүйенің барлық элементтері толықтай қауіпсіз болады деп сендіріп отыр.

Бұл заңды Еуропарламент қабылдап, ЕО-ға мүше елдер мақұлдауы керек.

Еуропа орталық банкі қазанда цифрлық валютаға рұқсат беріп, ол 2027 жылы іске қосылады деген болжам бар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды