697

Жас математиктер Албанияда өткен Халықаралық олимпиададан 6 медаль жеңді

Балқан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында еліміздің жас математиктері жеткен жетістігі жөнінде smartnews.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жас математиктер Албанияда өткен Халықаралық олимпиададан 6 медаль жеңді
gov.kz

27-ші Халықаралық жасөспірімдердің Балқан олимпиадасы (JBMO) аяғына да жетті. Олимпиадаға Балқан түбегіндегі 20 ел және қонақ елдерден 130-ға жуық оқушы қатысқан. Аталған сайыста Қазақстан құрама командасы 6 медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсеткен. 

Оқу-ағарту министрлігі жариялаған жеңімпаздар тізімі мынадай:

- Амирлан Аманжолов – Алматы қаласының КеАҚ «Республикалық физика-математикалық мектебі» 9 сынып оқушысы – алтын медаль;
- Серік Мұрзабек – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – күміс медаль;
- Ерқанат Кеңшілік – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – күміс медаль;
- Әлинұр Маратұлы – Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль;
- Жанарыс Теңдіков – Қарағанды облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль;
- Аят Абдуллаев – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль.

Қазақстан құрамасының жетекшісі Владимир Жук олимпиадаға қатысты былай деп пікір білдірді:

«Қатысушылар математикалық олимпиадалардың ережелеріне сәйкес құрастырылған авторлық тапсырмалар орындады. Оларды шешу үшін міндетті түрде ерекше тәсіл қажет.  JBMO-ға қатысу – барлық қатысушылар үшін өте қысқа уақытта мәселелерді шешуде өз қабілетін тексеруге жақсы мүмкіндік», - дейді топ жетекшісі.