Жыл басынан бері елімізде 3670 онлайн-казино бұғатталған

29.06.2023, 12:30
799
Жыл басынан бері елімізде 3670 онлайн-казино бұғатталған smartnews.kz

Онлайн-казиноларды анықтау және бұғаттау ісі бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, жыл басталғаны 3670 онлайн-казино сайттарын бұғаттаудан бөлек, сот шешімінің негізінде 5 букмекерлік кеңсе мен 2 тотализатордың лицензиясы тоқтатылған. Бұған лицензиялық алымды төлеу бойынша қарыздар, ойын аймақтарынан тыс тіркеу, міндетті резервтің болуы бойынша талаптарды орындамау және басқа да бұзушылықтар негіз болған.
 
2022 жылы Туризм индустриясы комитеті 4 ойын автоматтары залына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша, 1 зал жабылып, лицензиядан айырылса, 3 залдың қызметі тоқтатылып, 6 әкімшілік айыппұл салынған.
 
Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев аталған іске қатысты мынадай мәлімдеме жасады:

«Жасыратыны жоқ, онлайн-казинолар, атап айтқанда, олардың жарнамалары оңай жеңіске жетуге уәде беріп, құмар ойыншылардан ақша табуға тырысады. Бұған қарсы тұру үшін біз интернетте мониторинг жүргіземіз, сондай-ақ олардың қолданыстағы лицензияларын тексереміз. Мысалы, 4 букмекерлік кеңсенің, 3 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залының лицензияларын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді вице-министр.

Еске сала кетсек, 2019 жылы елде интернет-ресурстарды мониторинг жүргізу үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі іске қосылған. Жүйе бірнеше мемлекеттік органдарға, соның ішінде Мәдениет және спорт министрлігіне интернет-казиноларды жедел анықтауға, сонымен қатар анықталған сайттарға тыйым салу мүмкіндігін берді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді