997

Биыл Астана күнінде от шашу болмайды

Елорда күніне арналған мерекелік от шашу биыл тағы да ұйымдастырылмайтын болды. Бұл жөнінде smartnews.kz сайты хабарлайды.

Биыл Астана күнінде от шашу болмайды
smartnews.kz

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі биыл 6 шілдеде аспанда от шашу атқыламаса да, қаланың 25 жылдық мерейтойына арналған 100-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Іс-шараның тоқсанға жуығы Астана тұрғындары мен қала қонақтары үшін тегін көрсетіледі. Сондай-ақ атаулы күнде ведомствоның ақпаратына сәйкес, бірнеше отбасыға пәтер кілттері табысталмақ.

"Мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандар, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық кеңістіктер ашылып, пәтер кілттері табысталады", - деп хабарлады әкімдік.

Еске сала кетсек, 2020 жылы Covid-19 вирусы өршіген уақытта, Астана күнінде от шашу атылғаны үшін, қоғамда дау туындаған болатын. Аталған дау-дамайдан кейін әкімдік 2021 мен 2022 жылдың 6 шілдесінде мерекелік от шашу болмайтынын хабарлаған. Осылайша Астана күні биыл да от шашусыз өтпек.