Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгін таңғы сағат алты шамасында «Chevrolet Malibu» көлігі Сығанақ көшесімен Шәмші Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатқан. «Арыс» көпірінен өткен соң, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан LRT-ның бетон бағанына соғылған.
Жүргізуші 43 жастағы азамат апат салдарынан, оқиға орнында қаза болған. Аталған көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.