Алматыда «Микромобильділік және қауіпсіздік: бәрінің жайлылығын қалай қамтуға болады?» атты дөңгелек үстел өтті

29.06.2023, 14:24
674
Алматыда «Микромобильділік және қауіпсіздік: бәрінің жайлылығын қалай қамтуға болады?» атты дөңгелек үстел өтті

Алматыда Urban Forum Kazakhstan ұйымдастыруымен микромобильділік және урбанистика саласындағы сарапшылар, жергілікті билік органдарының, сондай-ақ кикшерингтік компаниялардың өкілдері «Микромобильділік және қауіпсіздік: бәрінің жайлылығын қалай қамтамтуға болады?» атты ашық пікірталасқа қатысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы қала тұрғындарының, ЖЖҚ пайдаланушыларының және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі мәселелері болды.

Сарапшылар микромобильділіктің өсуі — бұл қалаларды дамытудың заманауи тренді екенін және бүгінде ЖЖҚ қоғамдық көлік жүйесін, оның ішінде Қазақстанда да тығыз байланысты түрде толықтыратынын атап өтті. Алайда Алматы мен Астана қалаларында инфрақұрылым әлі қалыптаспаған және ЖЖҚ пайдаланушылары мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қажеттіліктеріне толық көлемде жауап етпейді. Мысалы, Алматыда веложолақтардың едәуір бөлігі жүрдек көлік қозғалысының магистральдары бойымен өтеді, ал Астанада веложолдар көбінде саябақ тротуарларының бойында орналасқан. Қазақстандағы көптеген веложолдар көлденең жиектермен, көгалдармен және жол түйісулерімен үзілген, әсіресе орталық аудандардан тыс жерлерде веложолдардың байланыстылығы мәселесі бар. 

Урбанистер инфрақұрылымды дамыту - жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін айтты. Орта және ұзақ мерзімді болашақта инфрақұрылымды дамыту тыйым салулар мен шектеулерді орнатудан гөрі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш салудың тиімдірек болатынын алға тартты. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, электрсамокаттардың қатысуымен болатын ЖКО саны ағындарды: жаяу жүргіншілерді, ЖЖҚ және басқа көліктерді ажырату кезінде күрт төмендеді. Арнайы жолақтар, қоршаулар, ауыспа/кірме жерлер мен қиылыстар қауіпсіз ортаны қалыптастырады, мұнда әркімнің өз орны бар және жайлы қатар өмір сүру ережелері бәріне түсінікті.

Спикерлер самокатты жол қозғалысы ережелерінде заңдастыру самокат мінушілердің де, жаяу жүргіншілердің де, автокөлік жүргізушілерінің де жайлылығы мен қауіпсіздігі мүддесі үшін маңызды үрдіс екендігімен келісті. ЖЖҚ заңдастыруды кикшеринг бизнесінің өкілдері, реттеушілер, сақтандырушылар және ең бастысы пайдаланушылар қолдайды. Электрсамокат ҚР СТ 3769-2022 Қазақстан стандартында енгізілген - бұл бірінші және маңызды қадам болды. Дөңгелек үстел аясында сарапшылар 22 маусымда Сенат мақұлдаған электрсамокаттарының қозғалысын реттеуге арналған жаңа түзетулерді талқылады.

«Бүгінгі заң жобасы қала тұрғындарының мүддесіне сай келмейді және оны соңына дейін аяқтау қажет. Тротуардағы қозғалыс жылдамдығын 6 км/сағ-қа дейін шектеуді біз артық шара деп санаймыз. Бұл жылдамдықпен пайдаланушылар көлік қажеттілігін шеше алмайды және бұл сала өшіп қалады. Сонымен қатар, заң жобасы күшіне енген кезде ЖКО саны арта түседі деп болжап отырмыз. Тротуарда жүру жылдамдығын шектеу самакат айдаушыларды жолға шығуға мәжбүр етеді, бұл ЖЖҚ және басқа көлік жүргізушілеріне қауіп төндіреді», - деді Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасының маманы Мұрат Түменбай.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстандағы Whoosh кикшеринг қызметінің басқарушысы Станислав Молчанов бұл қызметтің апаттық жағдайының өзекті статистикасымен бөлісті. Станислав Қазақстанда электрcамокаттардың жүрісі көбейгенімен, самокаттар қатысуымен ЖКО саны азайып келе жатқанын атап өтті. 2023 жылы Астана мен Алматыға 500 000 сапарға қызмет көрсету ішінде орташа ауыр жарақат алудың 5 жағдайы тіркелген. Құлау салдарынан 33 қолданушы сызаттар алды немесе жеке заттарын бүлдірген. Осылайша, «апаттық» сапарлардың үлесі 0,01% - дан аз. Электрсамокаттардың апаттық жағдайы велосипедтермен, мопедтермен және электромобильдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Сонымен қатар Станислав Молчанов Whoosh пайдаланушыларын қызмет көрсету ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салады және бұғаттайды деп қосты.

«Сенаттың электрсамокаттардың қозғалысын шектейтін жаңа түзетулер қабылдауы нарықтың барлық қатысушылары үшін үлкен тосын сый болды. Заң жобасын әзірлеген жұмыс тобының құрамында бірде-бір маман немесе сарапшы кірген жоқ. Сенат біздің ескертулерімізді бірнеше рет қарастырды, бірақ оларды ескермеді. Біз заң жобасын қайта қайтаруды және көлік саясаты жөніндегі сарапшыларды тарта отырып, мәселені жан-жақты қарауды талап етеміз. Электрсамокаттардан да қауіпі жоғары мопедтер мен басқа да көліктерді реттеу кезінде бұл қателік қайталанбайды деп сенемін», - деді дөңгелек үстел қонағы, қалалық мобильдік саласындағы халықаралық сарапшы Елена Ерзакович.

Дөңгелек үстел спикерлері Қазақстанда электрсамокаттарды міну ережелерін күрт қатайту оларды қалалық көлікке балама ретінде пайдалануды қиындатады деген ортақ пікірге келді. Урбанистер жолкөлік оқиғаларының өсуін және жолдарда сыртқы бақылауы жоқ жеке электрсамокаттарының басым болуын болжайды.

«Сенат өкілдері жаңа ережелердің орындалуын қарап, жарты жыл ішінде талқылауға қайта оралуды ұсынып отыр. Осылайша, қазір адамдардың өмірін қасақана қауіпті жағдайларға түсіріп, тәжірибе жасау ұсынылғандай. Әдетте, заң шығарушылардың құқықтың орындалуына күмәні болса, қателіктерді болдырмаудың басқа жолдарын таңдайды. ЖЖҚ деген сұраныс - бұл заман талабы және одан әрі өсе беретін үрдіс. Сондықтан алдыңғы қатарлы қалалар мен елдер микромобильділік үшін инфрақұрылымды жаппай, үдемелі дамытуға бәс тігіп, тыйым салуды енгізбеуі керек», - деді Әділ Нұрмақов, Urban Forum Kazakhstan басшысы және дөңгелек үстел модераторы.

Сарапшылар электрсамокаттар емес, көлікті жауапсыз басқарудың қауіпті екенін атап өтті. Сонымен қатар көлік мәдениетін арттыру және жол қозғалысының барлық қатысушыларын өзара құрметтеу, ең бастысы көлік, жаяу жүргіншілер мен ЖЖҚ ағындарын бөлуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс істеуге шақырды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды