Апелляциялық сот Жанболат Мамайға қатысты алдында шыққан үкімді заңды деп таныды

29.06.2023, 19:29
776
Апелляциялық сот Жанболат Мамайға қатысты алдында шыққан үкімді заңды деп таныды Zhanbolat Mamay

Апелляциялық сот Жанболат Мамайға қатысты алдында шыққан сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

"М. бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып: азаматтарды тіркелмеген партия қатарына қосылуға және оппозициялық ортада мансаптық өсімге қол жеткізуге шақырды; саяси жағдайды тұрақсыздандыру мақсатын көздей отырып, қоғамдық сананы манипуляциялауға ұрындырды; халықтың борыштық кредиттік жүктемесіне байланысты әлеуметтік шиеленісті пайдалана отырып, ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің кредиттік рақымшылық жариялауы туралы көрінеу жалған ақпарат таратты; банктерде және елдің микрокредиттік ұйымдарында кредиттері бар азаматтардан несиелерін жою жөнінде өтініш беруді, содан кейін күн сайын осыны талап етуге шақырды", делінген Алматы қаласы сотының хабарламасында.

Одан кейін ол 04.01.2022 жылы тіркелмеген партия атынан сөз алып, елдегі әлеуметтік шиеленісті жағдайды біле отырып, Алматы қаласының "Алматы Арена" мұз айдыны сарайының жанында заңсыз митинг ұйымдастырды. Халыққа тастаған үндеулері арқылы ол ҚР билігіне, құқық қорғау органдарына теріс, сыни көзқарастың пайда болуына, ҚР-дағы билікті алмастыру қажеттігі туралы пікірдің қалыптасуына түрткі болды.

Сондай-ақ  ҚР-дағы биліктің өзгеруіне қойылатын талаптарды қолдау мақсатында митингілерге қатысуға ынталандыру және адамдар бойында зорлық-зомбылықпен, талқандаумен, өрттеп, қиратумен бірге қала аумағында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, мүлікті жою, атыс қаруын қолдану, сондай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету ниетін туғызды.

Сот жазаны тағайындау кезінде сотталған адамға берілген оң мінездеме мен асырауында үш жас баласының болуын ескерді.

М. кінәлі деп танылды.

Билік өкілдерін қорлау бойынша іс - мерзімінің өтуіне байланысты өндіріс тоқтатылды.

Қылмыстық кодекстің 63-бабының негізінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айырылды.

Сот үкімімен келіспеген М. оған апелляциялық сатыда шағымданды.

Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 29 маусымдағы апелляциялық алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды және сот үкімі заңды күшіне енді.

10 сәуірде Алматыда Жанболат Мамай публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, шартты түрде 6 жылға сотталды.

Моңғолиядағы 100 қандас пен Қазақстан ауылдарындағы 10 мың оқушы не үшін сайысып жатыр? «Дәретханасынан шошисың»: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігіне үндеу жасады «Барлық дәлелдерді анама жібердім»: Say Mo бұрынғы күйеуінен көрген қорлығын айтып берді 97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойғаны үшін көмекке құтқарушылар келді Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып көз жұмды Актер Шәріп Серік әйелін ұрғаны үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған Алматыда жүргізуші ескерту жасағаны үшін тұрғын үй күзетшісін аяусыз ұрып тастады (ВИДЕО) Арқалықта зорлықшы деген күдікпен блогер ұсталды Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады «Жаңбыр, тұман»: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Біз жарақатты бірден таңдық»: ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды Су бар, бірақ жүйе қайда? Астанада Аutism Talks жыл сайынғы кездесу өтті «Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды