Президент ІІМ-нің алқа мәжілісінде қандай мәселелерді көтерді

30.06.2023, 12:40
700
Президент ІІМ-нің алқа мәжілісінде қандай мәселелерді көтерді akorda.kz

Тәртіп сақшыларының жұмыс сапасын арттыруға бағытталған мәжілістің мазмұнын smartnews.kz сайты тарқатады.

Ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіруге баса мән бере отыра, мемлекет басшысы полиция қызметінің сервистік моделіне тоқталды. Халық осы бағытта жасалып жатқан өзгерістерді байқап жатқан жоқ, сондықтан пилоттық жоба аясында қол жеткен жетістікпен шектеліп қалуға болмайтынын ескертті.

Жақын күндері қажылыққа адамдарды визасыз апармақ болған компания туралы дау туған болатын. Президент халықты алдап-арбап жатқан алаяқтардың ісіне тоқтау салу керегін де айта кетті. 

"Жақында бір туристік компания заңға бағынатын бір топ азаматты алдап, оларды қажылыққа жіберген. Енді, кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл жерде, әрине, адамдардың құқықтық сауатсыздығы да бар.

Енді, мемлекетіміз, яғни Сыртқы істер министрлігі оларға барынша көмектесуі қажет. Ал Ішкі істер министрлігі алаяқ компанияның басшылығын, қызметкерлерін заңға сәйкес жауапқа тартуға тиіс. Әділетті қоғам құрамыз десек, дәл осындай өзекті мәселелерді шешуіміз керек", - деп тапсырды Президент.

Сонымен қатар полицейлер университеттерге, мектептерге барып, заңдарды жастарға түсіндіру жұмыстарымен айналысу керегін тілге тиек етті. Мемлекет басшысының айтуынша, заң бұзудың салдарын жастарға анық ұқтыру қажет. 

"Өкінішке қарай, біздің жастарымыздың арасында заң сауатсыздығы кеңінен таралған, басқа сөзбен айтқанда, жастарымыз заңды білмейді, заңды сақтаудың мән-маңызын түсінбейді. Ал мұндай құқықтық сауатсыздықтың салдары өте ауыр", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мәжілісте қағазбастылық мәселесі де шет қалмады. Полициялардың жұмысында бюрократияны жою арқылы полицияның да, көмекке жүгінушінің де уақытын үнемдеу керегін ескерді.

Қазіргі уақытта қоғамда өзекті боп тұрған мәселелердің бірі - тұрмыстық зорлық-зомбылық. Бұған қатысты Президент нақты статистиканы көрсетті.

"Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару керек. Статистика көңіл көншітпейді. Соңғы екі жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтың салдарынан 300 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 878 фактісі және орташа зиян келтірудің 808 фактісі тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтар бойынша 37 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жағдайды түзеу үшін алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет. Бұл жерде учаскелік инспекторлар шешуші рөл атқарады. Уақтылы шаралар қабылданса, отбасылық және тұрмыстық ұрыс-керіс кезінде жасалған қылмыстардың көпшілігінің алдын алуға болар еді. Яғни біреудің өмірі мен денсаулығын сақтап қалар едік. Мұны тәжірибе көрсетті. Қоғам сіздерден отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-әрекет күтеді", - деп атап өтті.

Шетелден әкелінген, тіркеусіз жүрген көліктердің жайы мен жол жүру ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Полиция қызметкерлерінің сауаттылығы мен сыпайылығы да, олардың жұмыс сапасы мен халыққа пайдасы үшін аса маңызды екені айтылды.

"Әлеуметтік желіде полицияға қатысты түрлі бейнежазбалар бар. Кейбір адамдар қасақана арандатушылық жасайды. Сондай кезде ұстамдылық танытып, дөрекі әрекеттерге жол бермеу өте маңызды. Тәртіп сақшысы сауатты сөйлеп, өзін лайықты ұстауы қажет. Полиция қызметкері заңдарды анық білуге тиіс, яғни еліміздің заңдарын жұртқа қарапайым тілмен түсіндіруге дайын болуы қажет. Сонда ғана полиция мен халық арасында мызғымас келісім болады", - дей келе, Президент халыққа үздік, үлгілі қызметкерлерді қолдауға шақырды.

Баяндама қорытындысына таяғанда, Мемлекет басшысы осыған дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесін айта кетті.

"Соңғы үш жылдың ішінде нақты шаралар атқарылды. Жалақыны бірнеше рет көтердік. Тұрғын үй төлемдерін алатын қызметкерлер көбейді. Қазір олардың саны 38 мыңнан асты. Ұлттық ұланға қолдау көрсетілуде. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отыр. Инновациялық технологиялар енгізілуде.
Жалпы ішкі істер органдарына қолдау көрсетіле береді. Осының бәрі азаматтарды қорғау және қоғамдық тәртіпті нығайту үшін керек. Темірдей тәртіп – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі", - дейді Мемлекет басшысы.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды