Оған 6 оқушыдан тұратын Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысып, 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Жеңімпаз оқушылар:
- Ақтөбе қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің (ФМБ НЗБ) 11-сынып оқушысы Санжар Хамитов –– алтын медаль;
- Астана қаласының НЗМ 11-сынып оқушысы Аида Давлетова –– күміс медаль;
- Шымкент қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі (ХББ НЗМ) 10-сынып оқушысы Қанат Серікбай –– күміс медаль;
- Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10-сынып оқушысы Әрсен Сыдықов –– қола медаль;
- Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 10-сынып оқушысы Әлихан Қалмағамбетов –– қола медаль;
- Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Сабыр Жомарт –– қола медаль.
«EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиада жазбаша тестілеу, мультимедиялық тест және далалық турды қамтиды. Тапсырмалар тек ағылшын тілінде берілді», – дейді топ жетекшісі Абай Дүйсен.
Айта кетейік, өткен жылы құрама команда 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.