«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасының алдын ала қорытындысы шықты

30.06.2023, 17:50
516
«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасының алдын ала қорытындысы шықты smartnews.kz

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының алдын ала қорытындысын шығарды.

Құжаттар 15 – 31 мамыр аралығында қабылданды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалалық тұрғын үй бағдарламасына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, коммуналдық қызметтер, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары, мәдениет, БАҚ және спорт саласының қызметкерлерінен барлығы 11 104 өтінім келіп түсті. Олардың талаптарға сәйкестігі тексеріліп, нәтижесінде 3631 өтінім мақұлдау алды.

«Бағыттар бойынша жинаған ұпайларына байланысты 1100 үміткерге сайттағы жеке кабинетке «Отбасы банк» АҚ-да төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама берілетін болады. Жолдама алған өтініш берушілер төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет. Төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күнде бастапқы және қайталама нарықтардағы тұрғын үйді таңдай алады. Оң бағаланған қалған 2531 қатысушы негізгі тізім төлем қабілеттілігінен өткенге дейін резервте болады», - деп атап өтті әкімдіктен.

7473 өтінім берушінің бағдарламадан өтпеу себебі: жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің болуы, соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығару, соңғы 6 айда зейнетақы төлемдерінің болмауы, ҚР бойынша тұрғын үйдің бар-жоғы туралы барлық отбасы мүшелеріне анықтамалардың болмауы, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің сканерленген куәлігі (балалардың туу, неке (ерлі-зайыптылықты) қию, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу) туралы анықтаманың болмауы.

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында өтінімдер мен құжаттарды қарау қорытындысы бойынша толық ақпарат almaty-zhastary.kz сайтына орналастырылады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады