6496

Бүгіннен бастап зейнеткерлер өз зейнетақы қорындағы қаражатын толық пайдалана алады

1 шілдеден бастап зейнетақы жинақтарындағы қаражатты зейнеткерлер тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бүгіннен бастап зейнеткерлер өз зейнетақы қорындағы қаражатын толық пайдалана алады
atpress.kz

Еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққан қазақстандықтар жинақталған зейнетақы қаражатын толықтай пәтер алуға пайдалану үшін, www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы «Отбасы банк» АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгінуі тиіс. Ал қаражатын емделуге жұмсау үшін «Отбасы банкіне» баруы қажет.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражаттың бір бөлігін пайдалану құқығы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген болатын.