82 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қолға түсті

01.07.2023, 12:52
593
82 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қолға түсті smartnews.kz

Теміртауда танысы зейнеткердің банк картасынан 6 миллионнан астам ақша шешіп алған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға 82 жастағы зейнеткер белгісіз біреу ақпараттық технологияның көмегімен банк қосымшасы арқылы есепшотынан 6 млн 175 мың теңге шешіп алғаны туралы хабарлаған. Бұл туралы зейнеткер банктен есепшотында ақша қалмағаны туралы хабарлама келгенде білген. Криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады.

«Күдікті зейнеткердің танысы болып шықты. Ол жәбірленушіге үнемі көмектесіп, дүкенге барып азық-түлік алған уақытта зейнеткердің банк картасы арқылы төлемақы жасаған. Жәбірленушінің есепшотындағы ақшаны шешіп алу үшін басқа шотқа бірнеше рет ақша аударып, кейін оны шешіп алғанын мойындады», – деп жазылған хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты ҚК 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады