Қазақы ит тұқымдарын сақтау туралы заң күшіне енді

01.07.2023, 13:40
787
Қазақы ит тұқымдарын сақтау туралы заң күшіне енді smartnews.kz

Бүгін қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі заң күшіне енді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 3 қаңтарда «Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған болатын. Онда қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленген.

Заңда уәкілетті органның құзыреті белгіленген. Ол – нормативтік-құқықтық актілерді бекіту, оның ішінде қазақ ит тұқымдарының Ұлттық орталығын құру.

Қазақстанда алғаш рет құрылатын қазақы ит тұқымдарының Ұлттық орталығы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ұлттық орталыққа стандартқа неғұрлым сай, оның ішінде сыртқы-конституциялық сипаттамалары, өзге де қасиеттері сәйкес келетін тазы мен төбет іріктеп алынады, олардан кейіннен таза тұқымды иттер шығарылады. Аталған орталықтың жұмысына ғалымдар мен білікті кинологтар шақырылады.

Сондай-ақ Ұлттық орталықта қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірленеді. Сарапшылар мен кинолог мамандарды оқыту жұмыстары жүргізіледі. Әзірленген стандарттарға сәйкес тазы мен төбеттің бірыңғай кітабы жүргізіліп, олардың шығу тегі туралы куәлік беріледі.

Комитеттің бастамасымен жұмыс тобы құрылды. Оған уәкілетті органның, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кинологтар, қазақы ит тұқымдарын өсірушілер кірді. Қазіргі таңда жұмыс тобы Ұлттық орталықтың қызметкерлер құрылымын, штаттық кесте және біліктілік талаптарын әзірледі.

Сондай-ақ Президентіміз тазы мен төбетті қазақы ит тұқымдары ретінде әлемге таныту міндетін қойды.

Осыған орай, 2023 жылдың мамыр айында Бельгияның Тюэн қаласында Қазақстан кинологтар одағының президенті мен Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) басшысымен келіссөз жүргізді.

Кездесу аясында ҚКО-ның FCI-ге толық құқылы мүшелігіне ресми өтінім берілді. Бұл мәселе Халықаралық кинологиялық Федерацияның Бас Ассамблеясында 2023 жылғы 21-22 тамызда Женевада (Швейцария) қаралатын болады.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды