Ауылдарда мобильді қоғамдық кеңістіктер ұйымдастырылады

01.07.2023, 19:39
746
Ауылдарда мобильді қоғамдық кеңістіктер ұйымдастырылады facebook.com/cisc.kz

Мобильді қоғамдық кеңістіктер Түркістан, Атырау облыстарының ауылдарында, сондай-ақ Алматы қаласының маңындағы аудандарда жұмыс істемек деп, хабарлайды smartnews.kz сайты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар кеңістігі» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба шеңберінде «Әлеуметтік жобалар қоры» КҚ мобильді қоғамдық кеңістіктерді құрады, отбасылық-танымдық демалысты ұйымдастырып, дәріптейді.

«Жоба аясында біз ауыл жастарына ерекше көңіл бөлеміз. Жастардың облыс орталықтарына жетуіне қиындық келтірмеу үшін біздің жаттықтырушылар өңірлерді өздері аралайтын болады. Ауылдарда біз жастарды бағдарламалау, мобилография, СММ, актерлік шеберлік сияқты сұранысқа ие мамандықтарға, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқытамыз. Жалпылай алғанда, Түркістан және Атырау облыстарына қарасты 10 ауылдың 200-ден астам жас тұрғынын оқыту курстарымен қамтуды жоспарлап отырмыз», - дейді жоба жетекшісі Ербол Кеңгербаев.

Оның айтуынша, қысқа мерзімді оқыту курстарынан алғашқы болып Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылының жастары өтеді. Мұнда мобильді қоғамдық кеңістіктер 1-3 шілде аралығында жұмыс істейді.

Ал, отбасылық мәдени демалысты насихаттау мақсатында қоғам белсенділері балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі үйірмелер ұйымдастыруға ниетті.

«Біз ескі отбасылық дәстүрлерді жандандырғымыз келеді. Барлық отбасы мүшелерін аулаларды абаттандыру, құс үйлерін орнату сияқты іс-шараларға қатыстырмақпыз. Уақытты осылайша бірлесе өткізу отбасы институтын дамытуға жағымды әсер етеді, экологиялық тұрғыда хабардарлықты арттырады, отбасылық-мәдени демалыстың дамуына ықпал етеді деп сенеміз.

Сондай-ақ, біз «Музейдегі түн», кино кештері сияқты іс-шараларды өткіземіз, сыни ойлауды дамыту мақсатында пікірсайыс үйірмелерін, қаржылық сауаттылықты арттыру және «Бизнес жастық» әлеуметтік бейімделу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырамыз», - деді Ербол Кеңгербаев.

Айта кетейік, «Жастар кеңістігі» жобасы 2024 жылдың соңында аяқталады. Жоба туралы толық ақпарат пен жаттықтырушылардың кестесі «Jastar.Kenistigi» Instagram парақшасында көрсетілген.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді