Қостанай облысында 75 жастағы әйел пәтерінен арқанмен түспек болған (ВИДЕО)

02.07.2023, 11:48
672
Қостанай облысында 75 жастағы әйел пәтерінен арқанмен түспек болған (ВИДЕО) Видеодан алынған кадр

Қостанай облысының Қашар ауылында 75 жастағы зейнеткер 4-қабаттағы пәтерден төсек жапқыштарынан жасалған арқанмен төмен түспек болған. Оны байқаған куәгерлер полицияға хабарласқан.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Тілектес Әубәкіров жеткен. Ол дереу пәтерге көтерілгенмен, оның есігі жабық болыпты. Содан кейін полицей жоғарыдағы қабаттағы көршілерінің пәтеріне көтеріліп, зейнеткер әйелмен сөйлесе бастаған. Ол үйде жалғыз қалғанын, ұлының есікті сыртынан кілттеп, жұмысқа кеткенін айтады.

Есікті аша алмаған әйел сыртқа балконнан төсек жапқыштарымен түскісі келген.

Мен зейнеткермен сөйлесе бастадым. Оны тыныштандыруға тырыстым және осы уақытта әйелдің туыстарына қоңырау шала бастадым. Біраз уақыттан кейін оның жиені келді, оның қосымша кілті болды, - деді учаскелік полиция қызметкері.

Көп ұзамай, шұғыл істермен кетуге мәжбүр болғанын айтқан ұлына да болған оқиға туралы хабарланған. Ол анасын мазаламау үшін сыртынан жауып кеткен.

Ер адам учаскелік полиция қызметкеріне уақытында көмек көрсеткені және ықтимал қайғылы жағдайдың салдарын болдырмағаны үшін алғыс білдірді.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)