Шығыс Қазақстан облысында таудағы өрт оқшауланды
2 шілдеде Ұлан ауданындағы Приморск орманшылығындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Өрттің оқшауланған нақты уақыты - 11.30.
"Орманшылардың, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен әрекеті арқасында таулы жердегі өрт оқшауланды. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт толығымен сөнуі үшін орманшылар мен өрт сөндірушілер құрамындағы 24 адам мен 4 техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.