Шерушілер Францияда мэрдің үйін қиратты

02.07.2023, 16:07
745
Шерушілер Францияда мэрдің үйін қиратты Juan Medina/Reuters

Францияның Валь-де-Марн департаментіндегі Л'Аи-ле-Роз қаласының мэрі Винсент Жанбрун жексенбі күні таңертең үйіне шабуыл жасалғанын мәлімдеп, мұны елдегі тәртіпсіздіктер аясында өз отбасын «өлтіру әрекеті» деп атады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты СNN-ге сілтеме жасап.

«Алдыңғы үш түндегідей түнгі сағат 1:30-да қалалық мэрияда болғанымда, менің үйімді көлікпен соғып, содан кейін оны өртеу әрекеті жасалды. Осы кезде үйде жұбайым мен екі кішкентай балам болды, олар ұйықтап жатқан. Жұбайым мен балаларымның бірі шабуылдаушылардан қорғануға тырысқанда жарақат алды», - делінген мэр мәлімдемесінде.

В.Жанбрун полицияға және құтқару қызметтеріне көмектескені үшін алғыс айтты.

Еске салайық, Францияда Алжир тумасы 17 жастағы Нахель Мерзукті полиция өлтіргеннен кейін наразылық толқыны басылмай тұр. Апта басында Н.Мерзукті Нантера қаласында полиция қызметкері атып өлтірді. Ол сенбі күні Нантера мешітінде жерленді.

Жас жігіттің өлімі Францияның маргиналды қауымдастықтарындағы полиция жұмысы туралы пікірталасты қайта жандандырып, нәсілдік қатынас кісі өлтіру факторына айналды ма деген сұрақтар туғызды.

Жұма, 30 маусымда жас жігіттің анасы Муния «France 5» телеарнасына берген сұхбатында ұлының өліміне оны атып өлтірген офицерді ғана кінәлайтынын айтты. Алайда, бұл өлім бүкіл елде ауқымды тәртіпсіздіктер тудырды.

Елдің ішкі істер министрлігінің алдын ала есептеуі бойынша, Францияда 700-ден астам адам ұсталды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді