Қарағандыда университет аумағында ерекше музыкалық аллеясы ашылды

03.07.2023, 09:48
825
Қарағандыда университет аумағында ерекше музыкалық аллеясы ашылды

«Күй аллеясы» деп аталатын Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің музыкалық аллеясы туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Музыкалық аллеяның бір ерекшелігі – белгілі күйшілер мен қазақ композиторларына арналған орындықтар орнатылған. Орындықтарға отырған мезетте, тіпті жақындағанда музыкалық автомат әйгілі күйлердің бірін үзіндісін орындап береді.

«Күй аллеясы» академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері мен қызметкерлерінің ұжымдасуымен жасалған.

Университеттің ақпараттық технологиялар және телекоммуникация орталығының жетекшісі Владислав Карабасов жобаның жасалуына қатысты пікір білдірді.

«Мұнда әмбебап микроконтроллер ойнату құрылғылары бар 17 орындық орнатылған. Адам орындыққа бір жарым метр қашықтықта жақындағанда, сенсор іске қосылып, музыка ойнай бастайды. Жобаны физика-техникалық факультетінің студенттері орындады. Біздің жоспарымыз 8-ші корпустың жанында өлеңдер аллеясын құру. Онда орындықтар орнатылды, электр қуаты жеткізілді, тек электроника мәселесі қалды», - дейді орталық жетекшісі. 

Орындықтар Кетбұға, Тәттімбет Қазанғапұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Тоқа Шоңманұлы, Ықылас Дүкенұлы, Дайрабай Ерназарұлы, Ахметжан Сармантайұлы, Нұрғиса Тілендиев және басқалардың есімдері және шығармашылығымен байланысты.

Орындықтарда университеттің веб-сайтына апаратын QR орналасқан. Онда сіз белгілі бір музыкалық орындыққа арналған күйші немесе композитор туралы ақпарат ала аласыз.

Жобаны әзірлеушілердің бірі – физика-техникалық факультетінің 3 курс студенті Азамат Әбікенов орындықтардың төзімі мықты деп уәде беріп отыр.

«Орындықтар жыл бойы жұмыс істей алады, олар жауын-шашынға және төмен температураға төзімді деп айтуға болады», - деп атап өтті.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады