Түрмеде жазықсыз отырып шыққан азамат мемлекеттен 5 млн теңге талап етті

03.07.2023, 17:36
4395
Түрмеде жазықсыз отырып шыққан азамат мемлекеттен 5 млн теңге талап етті smartnews.kz

Есірткі ісі бойынша 1,5 жыл түрмеде отырып, ақталып шыққан ақтөбелік азамат мемлекеттен моралдық шығын ретінде 5 миллион теңге өндіруді талап етті. Бұл туралы smartnews.kz сайты «Диапазоға» сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылы 25 жастағы ақтөбелік азаматқа есірткі сақтағаны үшін қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал 2022 жылы бұл істі Жоғарғы Соттың Сот алқасы қарады. Анықталғандай, оның сату мақсатында есірткі затын сақтағаны туралы ешқандай дәлел болмағандықтан жас жігітке заңсыз үкім шығарылған.

Оған бір танысы марихуана салынған қорап жіберіп, оны одан әрі колониядағы тұтқындарға беруін өтінген. Бірақ қорап ішінде есірткінің барын ол үйіне жеткізген соң бір-ақ білген. Кейін жауапқа алу кезінде ол сол марихуана орналасқан жер туралы барлығын хабарлаған. Мұндай жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде өз еркімен марихуананы беруіне байланысты оған қатысты іс тоқтатылуы керек еді. Жоғарғы Сот алқасы сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған істі қайта қарау құқығын берді.

Сотталушы Жоғарғы соттың шешімі шыққанға дейін жасамаған қылмысы үшін 1,5 жыл темір тордың арғы жағында отырған. Ол заңсыз қылмыстық қудалау мен соттаудан моральдық азап шеккені үшін Қаржы министрлігі атынан мемлекеттен 5 миллион теңге төлеуді талап етті. Судья Ирина Буйваренко Қаржы министрлігін талапкерге республикалық бюджеттен 1 миллион 500 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Бірақ бірінші сатыдағы сот оны толығымен ақтап шықты. Бұл жағдайда да мемлекеттен моральдық шығын үшін 5 миллион өндіруді талап етіп, сот оны ішінара қанағаттандырды.

Судьялар ақталғандардың моральдық азаптарын бірінші жағдайда темір тордың арғы жағында өткізген 1,5 жыл үшін 1,5 миллион теңгені бюджет есебінен өтесе жеткілікті деп есептесе, екінші жағдайда мемлекет сот шешімімен талапкерге 4 айдан аса оқшауланған тергеуде жұмсаған шығыны үшін 2,5 миллион теңге беруге тиіс болды.

Ал мұндай жағдайда қателіктер мен Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша ақшаны айыпталушының құқығын өрескел бұзғандар емес, мемлекет төлейді.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады