Жыл басынан бері спортты дамытуға бөлінген ақшаның 269,3 млн теңгесі жымқырылған

04.07.2023, 09:22
936
Жыл басынан бері спортты дамытуға бөлінген ақшаның 269,3 млн теңгесі жымқырылған smartnews.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануына қатысты қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде толығырақ smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жұмысты жүргізу барысында спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингі мен қауіптері көрсетілген тізбе қарастырылған. Кейіннен саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілген.

ҚМА анықтауынша, 2023 жылдың I тоқсанында, яғни қаңтар-маусым айларының өзінде ғана Агенттік жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар деп анықталған 21 іс тергеген. Тіпті тергеу ісі жалғасып та жатыр.

Еске сала кетсек, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген. Ақшаның еш кедергісіз игерілуі үшін Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алыну, қызметтің нақты көрсетілмеуі мен өзге де заң бұзушы іс-әрекеттер бойынша талдау жүргізетін болады.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда", - дейді ҚМА Ресми өкілі  Әлібек Әбділов.

«Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды