Премьер-министр: «Жанармай тапшылығы болмайды, кінәлілер жауапқа тартылады»

04.07.2023, 11:08
640
Премьер-министр: «Жанармай тапшылығы болмайды, кінәлілер жауапқа тартылады» dknews.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Бұл туралы толығырақ smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бүгін Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Қазақстанның батыс өңірлерінде болған төтенше жағдайдың салдарын жою мәселесі қаралды. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасановтың баяндауынша, 3 шілде күні түс ауа сыртқы желілерде электр энергиясын берудің тоқтауына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауыты тоқтап қалған. Салдарынан қалада жарық өшіп қалған болатын.

«Электрдің өшуі нәтижесінде АМӨЗ-дің барлық технологиялық қондырғысы қауіпсіз тоқтатылды. Апаттық жағдайдың алдын алу және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін апаттарды жою алгоритміне сәйкес барлық қондырғыдан көмірсутек газы алауға қарай жіберілді», - деді Дәулетжан Хасанов.

Түнде электр энергиясы қайта іске қосылғаннан кейін зауыт қолда бар қорлардан мұнай өнімдерін жөнелте бастаған.

Атырау мұнай өңдеу зауыты резервуарларында бүгінгі таңда 26 мың тонна автобензин, 33 мың тонна дизель отыны, 1 200 тонна сұйытылған мұнай газы бар.
 
ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, ел бойынша АИ-92 бензині мен дизель отынының қорлары бір айға, АИ-95 екі аптаға жетеді.
 
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, қазіргі таңда энергиямен қамтамасыз ету қалпына келтірілуде, АМӨЗ-де технологиялық ақаулар анықталмаған.

«Ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауытын тоқтату туралы алып-қашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай бақылауда», — дейді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес апаттың себептерін тексеру үшін арнайы Мемлекеттік комиссия құрылғанын айтып өтті. Оның жұмысына Премьер-Министр басшылық етеді.

«Кінәлілер жауапқа тартылады. Қазіргі таңда ең бастысы – барлық кәсіпорынның жұмысын қалпына келтіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен толығымен қамтамасыз ету», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр отырыс соңында Маңғыстау облысының әкімдігіне, Энергетика министрлігіне ІІМ және БҚА-мен бірге алып-сату және жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын туғызу фактілеріне тосқауыл қоюды тапсырды.

Сондай-ақ зауыттың жұмысын қауіпсіз тоқтату үшін дер кезінде шаралар қабылданған. Қазіргі уақытта зауыт басқа кәсіпорындар сияқты өз жұмысын қалпына келтіруде.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды