Даниал Ахметовтың қызы мемлекеттік субсидиядан 51,1 млн теңге алған

04.07.2023, 16:18
1325
Даниал Ахметовтың қызы мемлекеттік субсидиядан 51,1 млн теңге алған tengrinews.kz

Аделия Ахметова жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттен субсидия ретінде қыруар қаражат алған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

ШҚО-н 9 жыл басқарған бұрынғы әкім Даниал Ахметовтың қызы Аделия Ахметова жеке кәсіпкер ретінде Павлодар облысында агро саланы дамыту үшін мемлекеттік субсидиядан 51,1 млн теңге алған. Сондай-ақ субсидия алуға өтініш білдіргендер арасында Аделия Ахметова жалғыз жеке кәсіпкер болған.

Үкімет кулуарында тілшілер Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен лауазымды шендінің қызы мемлекеттен осынша қаржы алуы дұрыс па, әлде дұрыс емес пе деген мәселенің анық-қанығын сұраған болатын. 

"Gosagro.kz сайтында 51 мың адам тіркелген. Олардың бәрі тауар өндірушілер. Олар жерін, малын көрсетеді, ешкім олардан сенің әкең кім, шешең кім, өзің кімсің деп сұрамайды. Мен министр ретінде тауар өндірушілерді бөле-жара алмаймын. Заң аясында болса, оған ешкім ештеңе дей алмайды. Оның ата-анасына, тұрмыс деңгейіне қарамаймыз. Қазір бәрінің ата-анасын анықтап отыратын болсақ, ол бассыздық болып кетеді. Субсидия алуға заңды негіз болды ма? Міне, осы мәселе маңызды. Соны анықтау керек", – деп жауап берді министр Ербол Қарашөкеев.

Аделия Ахметова - белгілі бизнесвумен, ШҚО экс-әкімінің қызы, «Қазақстан темір жолы» ҰК Төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаевтың жұбайы.

Жеке кәсіпкер Ахметова күйеуі арқылы Қазақстандағы бірқатар акционерлік қоғамдарда өз үлесі бар. 2022 жылғы мәлімет бойынша, Аделия Ахметова мына компаниялардың акционері:
 «Қазақстан темір жолы»,«Ақтау теңіз сауда порты», Kcell, Эйр Астана, KEGOC, QAZAQ AIR, «АстанаГАЗ ҚМГ», Қазақтелеком, «Самұрық-Энерго», Досжан темір жолы, «Самұрық-Қазына» құрылыс, «Қазатомөнеркәсіп», «ТЕМІРЖОЛСУ», «ҚазТрансОйл», QazaqGaz, «Қазпошта», «Каустикалық», «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы».

Аделия Ахметованың інісі Талғат та белгілі кәсіпкер. Әпкелі-інілі екеуі "Таск Холдинг" ЖШС басқарады. 2017 жылы Forbes журналына есімі кірген кәсіпкер Талғат Ахметов одан бөлек бірқатар компанияға иелік етеді. Мәселен: «Қазэнергокабель» ЖШС (29,9%), «Павлодарский хлебобулочный комбинат» ЖШС, «KAZ InterGroup PV» ЖШС, «ТАСК Холдинг» ЖШС, «Теміржолшы»  ЖШС, «Глория-фарм»  ЖШС, «Павлодарская кондитерская фабрика»  ЖШС, сондай-ақ «Ақ сұңқар НТ» ЖШС мен «Engineering Supply Company»  ЖШС компаниялары.

Бұған дейін Даниал Ахметов журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында балаларының өзі әкімдік еткен аймақтарда табысты кәсіпкер болуы жай ғана сәйкестік деп түсіндірген болатын.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады