Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі

04.07.2023, 18:26
606
Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі smartnews.kz

Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлады Polisia.kz.

Жоба аясында жаңа туған сәбилерге ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) бірден беріледі.

Бұрын балаға ЖСН ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш бергеннен кейін ғана берілетін.

Бұрынғы жүйеге сәйкес АХАТ органы алдымен баланың тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, ата-анасының өтініші негізінде туу туралы актілік жазбаны тіркейтін. Содан кейін ішкі істер органдарымен балаға ЖСН жасалып, кейін ата-анасына туу туралы куәлік берілетін.

Енді АХАТ бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды, соның негізінде ЖСН-ы қалыптасады.

Бұл арқылы баланың ата-анасының жеке өтінішінсіз, проактивті форматта (көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша) бірқатар мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетіледі:

Бала тууға байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу;
Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу;
Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем.

Сондай-ақ жүйе анасына баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) туралы мәліметтерді беру туралы SMS-хабарлама жібереді (3 жұмыс күні ішінде жауап беру керек).

Деректер алынғаннан кейін туу туралы куәлік әзірленеді.

Осылайша туу туралы куәлік берілгенге дейін балаға ЖСН беру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде енді дүниеге келген нәрестелерді толық есепке алуға ғана емес, ата-аналарға баланың тууына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

«Екі бала мінгесіп тербелген»: Ақтөбеде әткеншектен құлап, мерт болған 9 жасар баланың анасы жағдайды баяндады «Есімнен танғанша, қан қылып ұрып тастайтын»: Үш айлық баласын ұрып, әйелінің бетін тілген шымкенттік ер адамға қатысты тың деректер айтылды Қазақстанда автобустарда қайырымдылыққа ақша жинайтын еріктілер тексеріледі «Екі жыл сайын психдиспансерде жатамыз»: Қазақстандағы Ресей полигонынан жапа шеккен батыстықтар балаларының мүгедек болып туғанын айтады «Комикс кітаптарды сүйіп оқыды»: Алматыда шатырдан секіріп көз жұмған оқушы қыздардың жақындары оларды бұған не итермелегенін айтты (ВИДЕО) Ақтөбе облысында әріптесін атқан сарбазға үкім шықты «Көлік жүргізуді үйрендім»: Фариза Төреәлі не себепті парақшасын өшіргенін түсіндірді Ақтөбеде 9 жасар бала әткеншектен құлап, қаза тапты Алматыда кондуктор автобустан құлап, қаза тапты «Өте өкінішті, өйткені сіздерге айтарым көп еді»: Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек елден кеткенін айтты «Алты баланың анасы»: СҚО-да қызын пышақтаған әйел туралы тың дерек шықты «9 жылдан кейінгі қуаныш»: Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанады Жаңбыр, үсік, найзағай — 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы Көпен Әмірбектің екінші әйелі сатириктің 65 жасында дүниеге келген ұлын көрсетті «Еркелік емес, ақымақтық»: Қоғам белсендісі ішімдік ішкен Мақпал Жүнісованы сынап тастады Танымал актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдықты «Екі жарым жыл ішпедім»: Мұрат Әбділдә түрмедегі өмірінің қалай өткенін айтты «Аяғындағы қатерлі ісік ажалына себеп болды»: Ақжол Мейірбековтің әйелі өнер иесінің соңғы сәтінен сыр шертті «Күдіктінің аяғы ауыр әйелі мен үш қызы бар»: Түркістан облысындағы анасы мен қызы жауыздықпен өлтірілген ауылда тұрғындар бас көтерді «Толық адамдарды жек көремін»: Меруерт Түсіпбаеваның дене бітімге қатысты пікірі жұртқа жақпай қалды